Ертең Алматыдағы Абай алаңы этно-қалашыққа айналады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең 1 Мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай Алматыдағы Абай алаңында этно-қалашық құрылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Этно-қалашықта әрбір этно-мәдени бірлестікке арнайы шатыр бөлініп, оған келушілер әр ұлттың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысады, ұлттық тағамнан дәм татады. Орталықта әр халықтың салт-дәстүрінен сыр шертетін этно-көрме ұйымдастырылады», - делінген хабарламада. Сондай-ақ, 1 мамырда қаланың этно-мәдени шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Мұндай шаралар қаланың әр ауданында ұйымдастырылмақ. Алатау ауданында 30 мамырда - «Халық» стадионында; Медеу ауданында 1 мамырда - Орталық мәдени-демалыс саябағында, Алмалы ауданында - Арбат көшесінде; Әуезов ауданында - «Family» саябағында, Бостандық ауданында - «Mega Almaty» Сауда үйінде, Жетісу ауданында - Әкімдік ғимаратының алдында; Түрксіб ауданында C.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Соңғы жаңалықтар