Ертең Алматыда ережеcіз жекпе-жектен мықтылар айқасқа шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда ертең ережесіз жекпе-жектен ACA 105 турниріне қатысатын спортшылардың барлығының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шешенстандық АСА (Absolute Championship Akhmat) және қазақстандық «Алаш Прайд» клубтарының ұйымдастыруымен өтетін халықаралық турнирде жекпе-жекке жалпы 16 жұп өзара мықтыны анықтамақ.

Жарыстың басты бәсекесінде бразилиялық Даниель де Алмейда (26 жеңіс, 6 жеңіліс) мен шешенстандық Шәміл Шахбулатов (11 жеңіс, 2 жеңіліс) айқасады. Олар АСА нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Жалпы жарысқа шығатын спортшылар тізімі төмендегідей:

Нұрсұлтан Қасымханов (Қазақстан) – Иван Жвирбля (Беларусь)

Ермек Тлауов (Қазақстан) – Әлихан Сулейманов (Ресей)

Мүслім Магомедов (Ресей) – Карлос Эдуардо (Бразилия)

Қанат Келдібеков (Қырғызстан) – Уолтер Перейра (Бразилия)

Насрудин Насрудинов (Ресей) – Кори Хендрикс (АҚШ)

Имран Букуев (Ресей) – Мигель Фелипиньо (Бразилия)

Абдул-Рахман Жанаев (Ресей) – Алекс Гарсия (Канада)

Иманали Гамзатханов (Ресей) – Раймундо Батиста (Бразилия)

Юсуп Умаров (Ресей) – Егор Голубцов (Бразилия)

Казим Түменов (Ресей) – Рустамбек Атамбаев (Қырғызстан)

Мұрад Магомедов (Ресей) – Джосиель Силва (Бразилия)

Шәміл Шахбулатов (Ресей) –Даниель де Алмейда (Бразилия)

Арман Оспанов (Қазақстан) – Расул Мирзаев (Ресей)

Артем Резников (Қазақстан) – Хамзат Аушев (Ресей)

Асылжан Бақытжанұлы (Қазақстан) – Даниель Толедо (Испания)

Евгений Егембердиев (Қазақстан) – Карол Селински (Польша).

Соңғы жаңалықтар