Ертең Алматы облысында дабыл қағылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 20 ақпанда Алматы облысы аумағында дабыл қағылады. Осылайша облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні күндізгі сағат 12:55-те облыс аумағында электр дабылдар 30 секундқа қосылады. Мамандар облыс тұрғындарын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізеді. Осыған орай облыстық ТЖД қызметкерлері халықты алаңдамай, түсіністікпен қарауға шақырады. Сондай-ақ құтқарушылар облыс аумағында төтенше жағдай болғанда электродабылдардың қосылу кезінде не істеу керектігін ескертіп отыр.

«Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз радио және теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарды тыңдаңыз, берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз», - деп ТЖД мамандары кеңес береді.

Ал егер дабыл кезінде далада болған жағдайда, көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен немесе жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдап әрекет ету қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар