Ертең 58 мыңнан астам Арыс тұрғыны 100 мың теңгелерін алады

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Ертең, яғни тамыздың 14-і күні 58 мың Арыс тұрғыны Халық банктің кез-келген банкоматынан өздеріне тиесілі 100 мың теңге қаржыларын ала алады.

Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов мәлім етті.

Оның жазуынша, Арыс қаласындағы стадион маңындағы спорт мектебінде қосымша 8 банкомат қойылады. Бұл қазіргі уақытта Арыста бар 10 банкоматқа қосымша.

«5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңгесін қазақстандықтар жинады. 1 млрд теңге Түркістан облысының әкімдігінен, 3 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді»,-деп жазды кеңесші.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына сапары барысында қалада болған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізген болатын. Жиында Үкімет басшысы Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне, 100 мың теңгеден берілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар