Ерте сөнген ән ғұмыр - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Боздатып, кейде сырнайлап, жетеді бір үн «угәйлап» - «Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайлық kazakcnr.com сайтында Қытайдағы қандастарымыздың арасынан шыққан, жасындай жарық етіп сөнген қысқа ғұмырында өнерімен ел есінде қалған, белгілі әнші, термеші Әсемхан Ғибадатқызы туралы жазылған эссе жарық көрді. Аталған эссенің авторы қытай ұлтының азаматы Жаң Жиянлиң. 

 «Жұрттың құлағына сіңісті болып кеткен қазақ ұлтының дәстүрлі ақындар айтысынан бөлек, тағы бір ерекше өнер мәдениеті - терме айту. Онда атаның айтар ақылы, даналардың орамды ойы, өрелі сөздері немесе ұлылардың философиялық толғаныстары ұйқасқа түсіріліп, домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Осы киелі өнерді насихаттаушы, танымал термеші Әсемхан Ғибадатқызы - 1964 жылы Қытай Халық Республикасының  Алтай аймағы, Қаба ауданында туған. Әсемхан бала кезінен домбыраның үнін, терменің әуенін естіп өскен. Есте сақтау қабілеті ерекше Әсемхан есейе келе халық арасында тараған толғау-термелерді айта бастайды. Ол ән мәтіні мен әуенін бір естісе болды, жаттап алатын болған. Халық әндерін асқақтата шырқап, текті өнер термені орындауға дағдыланған қаршадай қыз 16 жасында ел алдына шығып, өнер көрсеткен. Сол жолы Әсемхан орындаған «Жақсы мен жаман» атты терме тыңдарман елең еткізіп, жұртты қайран қалдырады», - деп жазады автор.

Аталған эссе  авторының жазуынша, Әсемхан Ғибадатқызы  Шыңжан өлкесі мен ондағы облыс, аймақтарда өткен көптеген өнер бәйгесіне қатысып, сан мәрте жүлдегер атанып, түрлі марапат, сыйлықтарды иеленген. Табиғат өзі сыйлаған дара талант иесінің  орындауындағы терме-толғаулар үнтаспа, бейнетаспаларға жазылып қалды. Сосын ол халық әуеніне шөлдеген Шыңжан қазақтары мен кезінде осы өлкеден жер аударған Түркия, Еуропа елдерінде тұратын қазақтар арасында кең таралған.


«Әсемхан Ғибадатқызы өнердегі өрісі кеңіп, кемеліне келген шағында сүт безінің қатерлі ісігі дертіне шалдығып, 5 жылдан астам емделсе де, ауыруынан айығып кете алмады. 2003 жылдың  желтоқсан айында, жұрт өнеріне тәнті болып қадірлеген,  халқының аяулы әнші қызы мезгілсіз уақытта көз жұмды. Әншіні соңғы сапарға шығарып салуға келген қарақұрым халық сеңдей соғылысып, қайғыдан теңселді. Сұм ажал оны енді ғана 3 жасқа толған қызынан, сүйікті тыңдарман қауымынан, әсем әнінен, жанына балаған термесінен айырды. Әйтседе,  халықтың жүрегінде оның сол әсем әні, бұлбұл үні мәңгілік естелік болып сақталып қалды. Мен Әсемханның «Жақсы мен жаман», «Кейбіреулер», «Туыстар», «Аналар-ай», «Қазағымның қыздары-ай», «Нені ойладың» сияқты ән, терме-толғауларын қайталап тыңдай отырып, қазақ халқының ән өнері саласындағы өзгеше таланытты өнерпазы, «боздаланың бұлбұлы» атанған  әнші қызының өмірден тым ерте озғанына көңілім құлазып, өкініштен өзегім өртенді», - деп жазады өнер иесінің еңбегін айырықша жоғары бағалған автор.




Әлемнің 101 елінің азаматтары Өзбекстанда саяхаттай алады -
ТРТ


null

Өзбекстанда туризмді дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында әлемнің 101 елінің азаматтарына бес күнге виза еркіндігі берілді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Президент Шавкат Мирзиеев «Шетел азаматтарының Өзбекстанға келуін жеңілдетуге бағытталған шаралар жөніндегі» қаулыға қол қойды.  Қаулыға қарағанда, 15 шілдеден бастап Өзбекстан әуежайларына тізімдегі 101 елден келетін азаматтарға бес күн бойы елде визасыз жүру құқығы берілді. Тіптен  16 жасқа толмаған шетел азаматтарына да ата-анасымен бірге елде 90 күнге дейін визасыз болу құқығы тағайындалды. Шетелдік азаматтар Өзбекстан визасын алу үшін интернеттен де «электроникалық виза» ала алады. Соңғы кезде елде туризмді дамытуға бағытталған шаралар арқылы жылдың алғашқы бес айында келген турист саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 93 пайыз артты.  Елге биыл 2,2 миллион турист келді», - деп жазады аталған БАҚ.

 

Қазақ боксшысы Қытай ұлттық құрамасына қабылданды  - «Жэньминь жибао» (People Daily)

null

Қытайда тұратын қандасымыз Тоқтарбек Таңатханұлы бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданды, деп хабарлайды kazakh.people.com.cn сайты.

Аталған басылымның дерегіне сүйенсек, бокстан Қытайдың ұлттық құрамасына Шыңжаң автономиялық өлкесінен екі боксшыға шақырту келіп түскен. Соның бірі біздің қандасымыз - Тоқтарбек Таңатханұлы.

Таңатханұлы қазір Қытайдың ішкі біріншіліктерінде 75 келі салмақта сынға түсіп жүр. Ол осы жылы өз салмағында Қытай біріншілігінде топ жарып, чемпион атанған болатын. Қазақ боксшысының болашағынан зор үміт күткен бапкерлер қандасымызды осы жылы Индонезияның астанасы Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына апарып, бағын сынамақ ниетте.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқтарбек Таңатханұлы 2018 жылы қаңтар айында 2017 жылғы қытайдың «Бокс королі» чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, «король» чемпиондық белдігін иемденген болатын.


Астана Орта Азия елдеріне бензин экспортын арттырады -
«Фарс» ақпарат агенттігі

null

Қазақстан үкіметі Астана мен Мәскеу арасындағы Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне бензин экспорттау туралы екі жақты келісімді өзгертуге ынта білдірді, деп хабарлайды parstoday ақпарат агенттігі.

 Fars агенттігінің мәліметіне сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі атқарушы вице-президенті Данияр Тиесов осы туралы: «Астана биылғы жылдың күзінде 400 000 тонна бензин экспорттауды мақсат етеді. Сонымен қатар, 2019 жылы мұнай экспортының көлемі млн немесе 1,2 млн тоннаға жетеді»,- деді.

Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев та бұл бағдарламалардың алдымен Ресей экспортшыларының үйлестірілетінін мәлімдеді.

Ол қазіргі келісімдерге сәйкес Қазақстан бензинінің Орталық Азия елдеріне экспорттауға тыйым салынғанына тоқталды.

«Қазіргі уақытта екі ел екіжақты келісімдердің жаңа мәтінін дайындап жатыр. Онда қазақстандық компаниялар Орталық Азия елдерін өздерінің негізгі нысандарына айналдырады», - деді  Қанат Бозымбаев.

Қазақстаның Энергетика министрлігі сонымен қатар Ресейден темір жол арқылы жанар-жағармай импорты бөлімінде шектеулер қою туралы бағдарламаны ел Парламентіне жолдады.


Қорғастағы Лаванда базасы гүл «теңізіне» айналды - Тяньшаньнет

null

ҚХР Шыңжан өлкесі, Іле өзені аңғарындағы Қорғас ауданында 700 гектар жерге егілген Лаванда жайқалып өсіп, күрең-көк түсті гүл «теңізіне» айналады. Өңірдің хош иісі мен романтикалық көрінісі көптеген туристерді қызықтырды, деп хабарлайды «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы.

null

Лаванда - хош иісті өсімдік. Лаванданың аты шөп болғанымен, заты иісі жұпар аңқыған, күрең-көк түсті кішкене гүл. Хош иісі аңқып тұратындықтан, жұрт оны «Жым-жылас жұпар таратқыш өсімдік» деп атаған. Қытайлық «Тяньшаньнет» порталы Іле аңғарындағы осы бір көркем көріністі таспалаған фоторепортаж жариялады.

null

 

Соңғы жаңалықтар