Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров Қазақстанның үздік бильярдшысы титулына таласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 1 маусым күні еркін приамидадан Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Турнирге еліміздің барлық облысынан мықты спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Бильярд спорты федерациясының баспасөз қызметі.

Титул үшін Қазақстанның «алтын құрамасының» екі ойыншысы, әлем чемпиондары - Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров күш сынасады.

Қазақстанда барлығы бес әлем чемпионы бар. Олардың ішінде Қаныбек Сағындықов төрт дүркін, ал Әлихан Қаранеев үш дүркін чемпион болған.

Бұдан тыс, турнирге 2016 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Арби Муциев, динамикалық пирамидадан былтыр сәуірде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Максим Пан да қатысты.

Чемпионат Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында өтіп жатыр. Финал 12:00-де басталады, кіру тегін. 

Соңғы жаңалықтар