+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ернар Садырбаев «Славян базарында» 1-орын алды

2018 жылғы 16 шілде 11:22
Бөлісіңіз:
Ернар Садырбаев «Славян базарында» 1-орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас әншісі Ернар Садырбаев «Славян базары» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, байқаудың бірінші күнінің қорытындысы бойынша, «Әмре» атымен белгілі - Ернар Садырбаев финалдық кезеңге өткен болатын. Жалпы, биыл байқауға 21 адам қатысқан. Ширек финалдан соң 15 үздік іріктелді.

23 жастағы Ернар Садырбаев әуелі Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» шырқады. Екінші күні оркестрдың сүйемелдеуімен Раян Поустың «Подбери музыку» және Рокопера Моцарттың «Я сплю на розах» атты шығармаларын орындады.
null

Сонымен, жиырма жетінші рет өткізілген халықаралық өнер фестивалінің Гран-при жүлдесі Румынияның әншісі Марчел Рошкаға бұйырды. Ал «Әмре» бірінші орынға ие болды. Айта кетейік, Рошка мен «Әмренің» ұпайлары бірдей - 156. Алайда, қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен бас жүлде румыниялыққа берілді. Екінші орынды Украина, үшінші орынды Польша мен Беларусь елдерінің әншілері алды. Аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайберген төрелік етті.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.

Бұл Ернар Садырбаевтың халықаралық дәрежедегі екінші ірі жеңісі. Бұған дейін Прага қаласында өткен екі бірдей халықаралық ән байқауынан Гран-При жүлдесін ұтып алған еді.

null

Фото: www.instagram.com/impresario_kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT