Ернар Мыңжанов - ҰЭМ мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ернар Мыңжанов ҚР ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ернар Сеитұлы 1990 жылы дүниеге келген.

Қазақстан-Британ техникалық университетін, Манчестер университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының 2011 жылғы стипендиаты.

Түрлі жылдарда «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бас менеджері, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ бас сарапшысы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жоба жетекшісі, бас менеджер, «Baiterek Venture Fund» АҚ инвестициялық департаментінің директоры, сондай-ақ «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі жұмыстарын атқарған.

2020-2022 жж – «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және қаржылық-экономикалық активтерді басқару департаментінің аға менеджері.

2022 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры.

2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды.


Соңғы жаңалықтар