Ернар Құрмашев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ернар Құрмашев Алматы қаласы әкімінің креативті экономика жөніндегі штаттағы кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда туған. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ді тәмамдады.

«New York Film Academy»-де тағылымдамадан өткен. «Кazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы, «Astana Film Fund» кинокомпаниясының директоры, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеді.

Алматының Мәдениет басқармасының басшысы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан «Қазақстанның креативті кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы болды.

«Томирис», «Анаға апарар жол», «Каникулы off-line», «Районы», «Бизнесмендер» сияқты бірқатар қазақстандық фильмнің продюсері ретінде жұмыс жасады.


Соңғы жаңалықтар