Ермұхамбет Ертісбаев «Хабарда» ток-шоу жүргізеді: Телеарна жаңа маусымын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Хабар» агенттігінің жаңа телемаусымы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жаңа маусымда агенттік 11 жаңа сериал ұсынады. Оның үшеуі - «Қаламгер», «Бекзат» және «Батырлар жолы» толықметаржды фильм ретінде ел кинотеатрларынан көрсетіледі. Осы жексенбіде назарларыңызға «Central Asia`s Got Talent» ауқымды халықаралық шоуы көрсетіледі. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері өнер көрсетеді. Сонымен бірге, көпшіліктің көңілінен шыққан «Топжарған» шоуының екінші маусымын бастаймыз», - деді «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин «Қазмедиа» орталығында өткен тұсаукесерде.
«Жаңа маусымда жаңалықтар беру тәсілі өткірлеп, сараптамалар тереңдей түседі. Біз қала, аудан, облыс тұрғындарына өз әкімдерін бағалау мүмкіндігін береміз. Мұндай бағдарламалар көп болады. Еліміздің белгілі тұлғасы Ермұхамбет Ертісбаев жүргізетін жаңа саяси ток-шоу да қызығушылық тудырады. Агенттік Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болғандықтан, Қазақстан Балалар Eurovision байқауының қатысушысы атанды. Еліміздің намысын биыл Ержан Максим қорғайды», - деді Агенттік төрағасы.
- 22 қаңтар күні елордада болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Аида Балаева: Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек
- Салалық журналистиканы дамытуда маңызды кезең басталады - Аида Балаева
- Мәди Манатбек «Астана» радиосының директоры болып тағайындалды
-
OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
-
19 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам