USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ермекбаев Тайжанға: Мешітте орыс тілінде уағыз айту - түпкілікті шешім емес

2016 жылғы 22 қыркүйек 15:27
Бөлісіңіз:
Ермекбаев Тайжанға:  Мешітте орыс тілінде уағыз айту - түпкілікті шешім емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мешітте орыс тілінде уағыз оқу мәселесі түпкілі қабылданған шешім емес. Бұл туралы бүгін елордада өткен «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.

«Қоғамда қандай мәселе көтерілсе, біз сол мәселені қарастыруымыз керек. Қазір қоғамда бұл мәселе көтеріліп отыр. Себебі қазір көптеген мешітке жастармен қатар үлкен кісілер де келуде. Олардың қатарында қала, ауыл тұрғындары да бар. Олардың көбі имамдардың қазақ, араб тілінде оқитын уағыздарын түсінбейді. Тек қалалық тұрғындар емес, ауылдан келген жастар да түсінбей жатады»,- деді министр.

Н.Ермекбаевтың түсіндіруінше, оған діни тіл мен тұрмыстық тілдің екі бөлек болуы себеп болып отыр.

«Сондықтан діни тілді оқу қажет. Ал қазақша түсінбейтіндер қайда барады? Олардың дінге деген қызығушылығы бар, түсінгісі келеді. Бірақ, мешіттерде айтылып жатқан мәселелерді түсінбесе олар деструктивті ағымдардың өкілдеріне баруға мәжбүр. Ондай ағымдардың белсенділері қазақша да, орысша да сөйлей береді, жастарды өздеріне тартып алады. Өздеріңіз айтыңыздаршы, бұл қоғамға жақсы ма, жаман ба? Жақсы емес. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми, жақсы білім алған имамдары жастарға, басқа да заматтарға өздерінің ойларын, пікірін жеткізуін қамтамасыз етуіміз керек. Сол себепті бұл мәселе көтеріліп жатыр. Мешіттерге тек қазақтар емес басқа да ұлттардың өкілдері келіп, ислам дінін түсінгілері келеді. Осыған орай бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Бірақ, шешім қабылданған жоқ. Мүмкін кейбір өңірлерде болып қалар. Барлық жерде енгізу қажет деп ешкім айтқан жоқ», - Н.Ермекбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Дін  
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT