Ермек Омарбеков: Коронавирусқа сенбейтіндерді реанимация бөлімшелеріне шақырамын

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков вакцина алғандардың вирус жұқтырса да реанимацияға мүлде түспейтіндігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина. Бұған сенбейтіндерді жұқпалы ауруханалар мен реанимация бөлімшелеріне шақырамын. Көзбен көрген соң әркім өзінің мұндай хәлге түсіп қиналғанын қаламайды. Сонда ғана вирустан қорқып, вакцина алу керектігін түсінеді», - деді Ермек Омарбеков.

Оның айтуынша, вакцина салдырғандардың жалпы санының тек 1,6 пайызы ғана коронавирус жұқтырған.

«Олар ауруды жеңіл және орташа түрде өткерді. Ешқайсысы реанимацияға түскен жоқ. Себебі олардың иммунитеті мен антиденелердің титрі жоғары», - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бүгінгі таңда өңірде вакцинаның бірінші компонентін 440 мыңға жуық, ал екінші компонентін 335 мыңнан астам адам алған. Аймақта әлі 80 мың вакцина дозасы бар.


Соңғы жаңалықтар