Ермек Мизамбаев Жетісу облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына басшы болды

None
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Мизамбаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ермек Арынханұлы 1990 жылы туған, білімі жоғары. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «құқық және экономика негіздері, құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын Алматы облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының бас маманы - облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болды.

2022 жылдың қыркүйегінен Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар