Ермек Маржықпаев пен Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар аймақты әуеден бақылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинмен бірге өңірдің су тасқынының қауіпі бар Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарын тікұшақпен әуеден бақылап шықты. Әсіресе, Атбасар қаласында Жабай өзені маңындағы нысандарды судан қорғау үшін топырақтан тұрғызылған бөгет назарға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жабай өзенінің жағасын тазарту жұмыстары Атбасар қаласы шекарасы және теміржол көпірі дейін аумақта жүргізілді, сондай-ақ, өзеннің арнасы кеңейтіліп, тереңдетілді.

Юрий Ильиннің айтуынша, Атбасар ауданында су тасқынының қауіпі күрделі. Жабай өзеніне келетін болсақ, су деңгейінің қауіпті шебіне дейін әлі 1,6 метр бар. Алдағы 7-10 күнде судың деңгейі көтерілуі мүмкін.

«Биылғы қыс қарлы болуымен ерекшеленді. Жауған қардың қоры жылдағы орташа нормадан 2,5-3 есе көп болды. Біз су тасқынына мықтап дайындалдық. Қаланы қорғау үшін топырақтан тұрғызылған бөгет нығайтылды», - деді Ермек Маржықпаев.

Аймақ басшысы өткен жылдары су тасқынынан зардап шеккендердің жаңа баспанаға көшірілгенін атап өтті. Қауіпті аймақта 450 отбасы тұрып жатыр. Бұл отбасылар үшін Атбасар қаласында 100 пәтерлі бес тұрғын үй салу жоспарланған.

Сонымен қатар, Атбасарда №1 орта мектепте қауіпті аймақта орналасқан. Ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Биыл мектеп маңына құп салынған қаптар төсеу сияқты судан қорғау шарасы жүргізілді. Алайда, бұл аздық етеді. Мектепті ағын судан толық қорғау үшін бетоннан құйылған іргетасы бар тас қоршау тұрғызу қажет.

Аудан әкімі Аманбек Қалжанов атап өткендей, бұл нысанның жобалық-сметалық құны 12 миллион теңгені құрайды.

«Бюджет үшін бұл сома көп емес. Егер мектепті шынымен қорғайтын болса, онда неге монолитті қоршау тұрғызбасқа», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұдан бөлек, №4 орта мектеп пен коррекциялық мектепте қауіпті аумақта орналасқан. Аталмыш білім беру мекемелері айнала қоршай инертті материалдар салынған 23,7 мың қап төселген.

Ермек Маржықпаев Атбасар қаласында «Атбасар-Шүй» тас жолының бойында орналасқан блокбекеттің жұмысымен танысты. Ауданда коронавирус инфекциясын ескертіп, алдын алу үшін Атбасар қаласында барлығы 6 блокбекет қойылып, полиция бөлімі және санитарлық қызметтерден барлығы 50-ге жуық маман жұмылдырылған.

Атбасар ауданына жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы Іляс Есенберлин атындағы аудандық кітапханада болып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде жоспарланып отырған ағымдағы жөндеу жұмыстарын пысықтады.

Сонымен қатар, Ермек Маржықпаев Зеренді ауданындағы Айдабол бөгетін болып, жағдайымен танысты.


Соңғы жаңалықтар