Ермек Маржықпаев: Өңірден 2 млн тоннадан астам астық экспортталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы жыл сайын 2 млн тоннадан астам астық экспорттайды. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің облыс негізгі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі екені белгілі. Осы орайда елдің ауыл шаруашылығы жалпы өніміндегі үлесі 11 пайыз деңгейінде. Өңіріміз Қазақстанда өсірілетін астықтың төрттен бір бөлігін өндіреді және бидайымыз әлемдік нарықта жоғары бағаланып отыр. Атап айтқанда, жыл сайын әлемнің 30 еліне 2 млн тоннадан астам экспортталып келеді», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, көктемгі егін егу науқаны өңірде оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқталды. Астық және дәнді-бұршақты дақылдары 4,5 млн гектарға, майлы дақылдар – 227 мың гектарға, жемшөп 190 мың гектарға себілді. Сонымен қатар, картоп 21 мың гектар алқапта, көкөніс 3,5 мың гектарда егілді.

«Суармалы егістер алқабын кеңейту жүріп жатыр. Оның аумағы 30 мың гектарға дейін жеткізілді», - деді Ермек Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар