Ермек Маржықпаев коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының турберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы ауралар бөлімшесінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 адам емделіп жатыр.

Тағы бір адам карантинде жатыр. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының мәліметінше, емделіп жатқан 18 науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғандығы зертханада анықталған.

«Облыстық турберкулезге қарсы диспансердің жұқпалы ауралар бөлімшесінде болдым. Онда коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханада анықталған 18 адам ем алуда және бір адам карантинге жатқызылған.

Медициналық персоналдың қаншалықты қорғалғандығы, жұқпалы аурулар блогының қатаң режимдегі жұмысы видеокадр арқылы таныстырылды. Менімен науқастар байланысқа шықты. Олардың барлығының жағдайы жақсы, қызмет сапасы мен станционарда ұстау жағдайы өте жоғары», - деп жазады аймақ басшысы.

Айта кетейік, коронвариус инфекциясының таралуына байланысты Ақмола облысында наурыздың 31-нен сағат 19:00-ден бастап, карантиндік шектеу шаралары енгізілді.


Соңғы жаңалықтар