Ермек Маржықпаев Көкшетаудың басты шыршасының шамын жағу рәсіміне қатысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда Жаңа жылдық басты шыршаның шамдары жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылай хан алаңында өткен шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жиналған қауымды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, жақсылық, бақыт тіледі.

Көкшетау қаласының орталығында құрылған шырша мен оның айналасындағы мұз қалашығы биылғы жылы ерекше дизайнмен жасалған. Жаңа жылдың көркі атанған жасыл шыршаның маңына жиналған қауым оның безендірілуіне тәнті болды. Қалашықтағы Аяз ата мен Қаршақыз, жаңа жылдың символы – тышқан бейнесі мен ертегі кейіпкерлері алаңға көрік беріп тұрғандай.

Қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ, ыстық шәй мен нан өнімдері ұсынылған сауда нүктесі де орналастырылды.

Шараға облыстық басқармалар мен мемлекеттік мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары мен жастары қатысты.

Соңғы жаңалықтар