Ермек Маржықпаев Целиноград ауданының тұрғындарымен кездесті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Қосшы және Лесная поляна елді мекендеріндегі «Табыс Құрылтай» және «Жайлау City» тұрғын үй құрылыс компанияларының үлескерлері және «Лесная поляна» тұрғын кешенінің тұрғындарымен кездесті.
null null null
null

Жүздесуде жол құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы түйткілдер, Қосшы ауылына үздіксіз су беруді қамтамасыз ету және Тайтөбе ауылындағы киелі жерлер мәселесі айтылды.

Осы ретте, өңір басшысы осы жерде айтылған барлық мәселе бақылауға алынып, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешілетінін жеткізді.

Бұдан кейін Ермек Маржықпаев осы кездесуде айтылған тұрғын үй құрылысы алаңына барып, жұмыс барысымен танысты.
null
null

Ал Қосшы ауылында болғанында Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеев жылу қазандығының жағдайы туралы айтып берді.

Жылу қазандығын көзбен көріп, аудан әкімінің сөзіне құлақ түрген аймақ басшысы қазандықтың қуатын арттыру үшін жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берді.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында көктемгі су тасқынының салдарынан ауыз сусыз қалған Қосшы ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан еді. Сол кезде Целиноград ауданының әкімі Мәлгаждар Тәткеевке қысқа мерзімнің ішінде тұрғындарға тұрақты су беруді қалпына келтіруді тапсырған болатын.

null

Соңғы жаңалықтар