+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ермек Маржықпаев Аршалы және Целиноград аудандарына көгілдір отын тарту туралы айтты

2021 жылғы 18 маусым 14:49
Бөлісіңіз:
Ермек Маржықпаев Аршалы және Целиноград аудандарына көгілдір отын тарту туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңір елді мекендерін газбен қамтамасыз етуге қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың үйіне газ тарту үшін өтемақы беру қарастырылуда Газдандыру қаладан шығатын қалдық көлемін 40 мың тоннаға дейін азайтады – Елорда әкімдігі Бауыржан Сәлімгереев: Ірі ойыншыларға дизель жетпесе, импорт жағын ойластыру керек

«Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Көгілдір отынға қосылу мүмкіндігіне ауылдық жердегі 35 мыңнан астам адам ие болады», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, қазіргі кезде 100 мыңнан астам тұрғыны бар Целиноград ауданының тағы 8 елді мекеніне газ тартуға жобалық құжатнама дайындалып жатыр.

«Екінші кезектегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы басталып, кезең-кезеңмен 2023 жылы аяқталады. Газбен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің ерекше бақылауында тұр», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT