Ерлі-зайыптылар шөлде 200 мың ағаш өсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық әйел Чжан Ляньлянь күйеуі екеуі шаңы бұрқыраған шөлейтті ну орманға айналдырды, деп жазады Синьхуа агенттігі.

Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіне орын тепкен Шэньси провинциясының Яньань қалалық округіндегі Аньсай ауданына қарасты Лэйпинта қыстағында нулы орман жайқалып тұр. Ол - ерлі-зайыптылар Ван Яоу мен Чжан Ляньляньның отыз жылдық еңбегінің жемісі.

1981 жылы қыстақ маңынан құмды дауыл көтерілуінен мезі болған Чжан Ляньлянь күйеуін ағаш отырғызуға көндіреді. Содан бері ерлі-зайыптылар 130 гектар жерде 200 мыңнан астам ағаш өсірді. Орман елді мекеннің климатына да ықпал етіп, тұрғындардың өмірін түбегейлі өзгертті.

Соңғы жаңалықтар