Ерлі-зайыпты Клинтондардың табысы 140 миллион долларға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хиллари Клинтон мен оның жұбайы соңғы тоғыз жылда 140 млн. доллар табысқа жете алды. Бұл мәліметтер Клинтонның сайлау алдындағы штабы жариялаған құжаттарда көрсетілген, деп хабарлады ТАСС.

Ол 2016 жылы Құрама Штаттардың президенті лауазымына негізгі үміткерлердің болып табылады.

2007 жылдан бері ерлі-зайыптылар ел бюджетіне салық аударымдары ретінде 44 млн. доллар жіберген, ал қайырымдылық мақсаттарға 15 млн. доллар аударды. Ерлі-зайыптылар үшін салық мөлшерлемесі кіріске байланысты 26 немесе 36 пайызды құраған. Табыстың айтарлықтай бөлігі дәрістер мен жұртшылық алдында сөз сөйлеуден түсті.

Соңғы жаңалықтар