Ерлі-зайыпты Храпуновтар тағы да Астанаға тергеуге шақыртылды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы қаласы мен ШҚО-ның бұрынғы әкімі В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясов және тағы басқаларға қатысты қылмыстық істі тексеріп жатыр. Тергеу барысында аттары аталған адамдар мен олардың сыбайластарының іс-әрекеттерінен заңға қайшы фактілер анықталды», - деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚПК 208 бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктілер тергеу жұмыстарына шақырту қағазы арқылы шақырылады.
«Күдіктілер Қазақстан аумағынан тысқары жерде жүріп, шақырудан бой тасалауына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205- бабының 3-бөлігіне сүйене отырып күдіктілерге шақыру қағазы жіберілгенін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Аттары аталған күдіктілер 2018 жылдың 26 ақпанында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағы жедел-тергеу тобының жетекшісі Сергей Перовқа келуі керек», - деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚПК 205-бабының 3-бөлігіне сәйкес, В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясов және тағы басқаларға қатысты ескерту Швейцарияның да респубикалық және олардың тұрғылықты жерлеріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.