Ерлер әйелдерге қарағанда неге аз өмір сүреді - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.Ер адамдар неге аз өмір сүреді - Der Spiegel

НАТО-ның әлеуеті әлсіреп кетті - The Times

The Times басылымының жазуынша, осы аптада Вашингтонда НАТО ұйымының жетпіс жылдық мерейтойына үкімет басшыларының қатыспауы ұйым әлеуетінің әлсіреп, беделінің төмендеп кеткенін көрсетеді.

«Биыл НАТО мерейтойына 28 мемлекеттің сыртқы істер министрлері қатысады. Дегенмен, ұйым беделін құтқару үшін символикалық шаралар аздық етеді. Сайлауалды бағдарламасында Дональд Трамп НАТО-ны ескірген ұйым деп атаған болатын. Ұйым енді қай жағынан болсын маңызы бар екенін дәлелдеуі керек», деп жазады басылым.

Ер адамдар неге аз өмір сүреді - Der Spiegel
null

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын адамдардың өмір сүру ұзақтығын зерттейді. Биыл ұйымның статистикасы ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының не себепті әртүрлі болатынына арналған. Der Spiegel журналының жазуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы әлем бойынша 141 млн бала дүниеге келетінін айтқан.

«Биыл 73 млн ұл бала, 68 млн қыз бала дүниеге келеді деп болжанып отыр», деп жазады автор. Оның жазуынша, бүкіл әлем бойынша өмір сүру ұзақтығы артып келеді.

«Биыл дүниеге келген ұлдар орташа есеппен 70 жыл, қыздар 74 жыл өмір сүреді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда, бес жылға көп», дей келе автор ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасының айырмашылықтарына тоқталған.

«Ер адамдардың әйелдерге қарағанда аз өмір сүруіне жүрек аурулары, жол көлік апаттары, өкпе ауруы көп әсер етеді. Сондай-ақ, бұны генетикамен де түсіндіруге болады. Ғалымдардың айтуынша, X-хромосомасы иммунды жүйенің мықты болуына әсер етеді. Сол себепті әйелдер ерлерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді», деп жазады басылым.

Жоғары білімі бар әйелдердің көбі үйден жұмыс істейді - Daily Mail
null

Ғалымдар жүргізген жаңа зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан әйелдердің көбі жұмысқа қайта оралатын бір жылдың ішінде екінші рет декреттік демалысқа кетеді және содан кейін үйде отырып қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Daily Mail басылымының жазуынша, интернетті жан-жақты пайдалана алатын және технологияны меңгерген әйелдердің көбі үйде отырып жұмыс істейді.

«Жоғары білімі бар әйелдердің көбі технологияның артышылықтарын пайдаланып, үйде отырып жұмыс істеуге көшеді. Сол арқылы олар жұмыс пен жеке өмір балансын сақтап тұрады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Миландағы Боккони университеті жүргізген зерттеуге 12 мың үй шаруасындағы әйел мен Германияның 20 мың тұрғыны қатысқан.

Қантты көп тұтынатын адам жиі шаршайды - Neuroscience & Biobehavioral Reviews
null

Халық арасында күш жинау үшін тәтті жеу керек деген пікір бар. Дегенмен, Германия мен Ұлыбритания ғалымдарының айтуынша, қант керісінше адамның жиі шаршауына алып келеді екен. Зерттеу нәтижелері Neuroscience & Biobehavioral Reviews басылымында жарияланды.

«Қант адамның көңіл күйін көтере алады деген идея тәтті өнімдерді тұтыну көрсеткішінің артуына алып келді. Халық шаршағанын басу үшін тәтті өнімдерге жүгіне бастады», дейді Берлиндегі умбольдт университетінің психологы Константинос Мантантзис.

Мақалада айтылғандай, ғалымдар қантқа қатысты жүргізілген отыз бір зерттеу жұмысын сараптаған. Мамандардың айтуынша, қант шаршағанды басады деген пікірдің еш негізі жоқ. Тіпті, ол адамдарды одан сайын шаршатуы мүмкін.

«Бұл зерттеу қант туралы мифті жойып, қантты тұтыну көрсеткішін азайтуда қоғамдық денсаулық сақтау саясатына әсер ете алады деп ойлаймыз», дейді зерттеу атворлары.

АҚШ пен Қытай «сауда соғысы» мәресіне жақын - ВВС
null

АҚШ пен Қытай арасындағы «сауда соғысы» екі мемлекет ортақ мәмілеге келген соң аяқталуы мүмкін. ВВС басылымының жазуынша, Дональд Трамп Қытаймен сауда байланысы бойынша кейбір мәселелерде келісімге келген. АҚШ президенті мәселе алдағы төрт аптада шешілетінін айтқан.

Синьхуа әгенттігінің хабарлауынша, Қытай президенті Си Цзиньпин де мәселенің алға жылжып жатқанын айтқан.

«АҚШ пен Қытай бүкіл әлемнің экономикасына кері әсерін тигізіп жатқан сауда соғысын тоқтату мақсатында желтоқсан айынан бастап келіссөздер жүргізіп келеді. Дональд Трамп АҚШ пен Қытайдың ең қиын мәселелер бойынша келісімге келгенін, бірақ әлі де шешілмеген сұрақтар бар екенін айтты», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, АҚШ президенті келісім жасалса Қытай басшысымен саммит өткізетінін айтқан.

Дұрыс тамақтанбау өлімге алып келеді - CNN

null

Бүкіл әлем бойынша ең көп өлімге темекі мен қан қысымы себеп болатын еді. CNN басылымының жазуынша, бүгінде олардың орнын дұрыс тамақтанбау басуы мүмкін.

«Вашингтон университеті мамандарының айтуынша, көптеген мемлекеттерде темекі мен қан қысымынан емес, дұрыс тамақтанбағандықтан көз жұмып жатқандар қатары артып келеді», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, бұған адамдардың газды суды немесе қызыл етті көп тұтынуы емес, тұздың көп болуы әсер етіп жатыр.

«Пайдалы тағамды аз тұтыну денсаулыққа қауіпті», дейді автор.

Зерттеуде айтылғандай, 2017 жылы әлемдегі әр бесінші өлім, яғни 11 млн адамның өлімі тұзды көп мөлшерде тұтыну және жеміс-жидек секілді пайдалы өнімді аз тұтыну салдарынан болған.


Соңғы жаңалықтар