Ерлер арасындағы футболдан әлем чемпионатында алғаш рет әйел төреші қызмет атқарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциялық Стефани Фраппар ерлер арасындағы футболдан әлем чемпионатында бас төреші қызметін атқаратын алғашқы әйел атанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1 желтоқсанда Е тобындағы үшінші турда Германия және Коста-Рика кездесуіне төрешілік жасайды. Оған мексикалық Карен Диас пен бразилиялық Неуза Бакк әйел төрешілер алаң жиегінде көмекші болады.

Стефани Фраппар 1993 жылы дүниеге келген. 2011 жылдан бері төрешілік қызметін атқарып келеді. 2019 жылы Францияда өткен әйелдер арасындағы АҚШ пен Нидерланды ойынында төреші болды.

Е тобында екінші турдан кейін Испания (төрт ұпай) көш бастап тұрса, Жапония мен Коста‑Рика еншісінде үш ұпайдан бар. Ал Германия бір ұпаймен көш соңында келеді.

Әлем чемпионатына одан өзге Салима Мукасанга (Руанда) және Йошими Ямасита (Жапония) сынды әйел төрешілер келді.

Өз тарихында 22 мәрте жалауын көтерген дүбірлі додада барлығы 36 төреші қызмет етуде.

Сурет: Fifa.com


Соңғы жаңалықтар