Ерлан Ыдырысов Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - 6-7 ақпанда Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Ерлан Ыдырысовтың Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуы көзделген.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ислам ынтымақтастық ұйымымен Қазақстанның ынтымақтастығы жоғары деңгейде және табысты дамуда. ИЫҰ Қазақстан бастамаларына белсенді қолдау көрсетіп отырады»,-деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар