+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ерлан Ыдырысов: ЭКСПО аумағындағы оқиға көрме имиджіне әсер етпейді

2016 жылғы 17 қараша 13:09
Бөлісіңіз:
Ерлан Ыдырысов: ЭКСПО аумағындағы оқиға көрме имиджіне әсер етпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БАҚ өкілдерін кеше ЭКСПО аумағында болған оқиғаны дүрліктірмеуге шақырды. Бұл жайында ол бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жағдай имиджге ешқандай әсер етпейді. Осы ретте барлығы тиісті түсініктемені берді. Бұл тақырыпты дүрліктірудің қажеті жоқ. Барлық жұмыстар жоспарлы жүргізіліп келеді»,-деді министр.

Бұл тұрғыда ол құрылыс барысында бұндай жағдайлар болып тұратынын жеткізді.

Е. Ыдырысов осы жағдайға шұғыл әрекет жасалғанына және ең бастысы адамдар құрбан болмағанына тоқтала келе: «Атап айтқанда, құрылыс нысандары дер кезінде тапсырылады және ЭКСПО бойынша барлық мақсаттар орындалады», - деді.

Айта кетейік, күні кеше Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында бір ғимараттың алаңындағы декоративті көпір қақ ортасынан опырылылып түсті. ЭКСПО-ның баспасөз қызметі іле-шала апатқа BI Group компаниясының жауапты екенін мәлімдеді. Ал құрылыс компаниясының өзі құлаған конструкцияның декоративті екенін жеткізіп, тиісті сараптамадан кейін xалықты құлағдар етуге уәде етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT