+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтты

2020 жылғы 12 шілде 16:07
Бөлісіңіз:
Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатыны туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әлеуметтік желіде таратылған жалған ақпараттарға мониторинг жүргізіліп отыратынын айтты.

«Мен ұшақ, тікұшақпен вирус пен биохимиялық қару себіліп жатқаны туралы ақпарат - жалған ақпарат екенін айтқанмын. Бұл, әрине, өтірік және арандатушылық. ІІМ Тергеу департаменті осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Тексеру барысында бұл жағдай шетелде өрт сөндіру барысында болғаны анықталды. Бұған ұшақтағы тану белгілері, өрт сөндіру көлігіндегі нөмір және өрт сөндірушілердің ағылшын тілінде сөйлеуі дәлел бола алады», – дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Ол мұндай техника Қазақстанда жоқ екені және қолданылмайтынын айтты.

«Сол себепті азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуді және жалған, расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамын», - дейді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT