Ерлан Тұрғымбаев Шамалғандағы апат жайлы: Сараптамалар жасалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шамалғандағы автобус пен пойыз апатына қатысты 5-6 сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шамалғандағы жол апатына қатысты бұған дейін де айтқанымдай, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Бір әйел мен оның балалары ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр болғанымен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір 5-6 сараптама жасалуда», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында пойыз бен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусы рельске шығып кеткен.

Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның екеуі - бала.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істі Бас көліктік прокуратура бақылауына алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пойыз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.



Соңғы жаңалықтар