Ерлан Тұрғымбаев митингілердегі «кеттлинг» әдісі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев митингілердегі «кеттлинг» әдісі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шынында да, біз бірнеше рет рұқсат етілмеген митингілер өткен жерлерді құрсауладық. Бірақ, басқа елдердің полициясына қарағанда біз су атқыштарын, жарық-шу гранаталарын және басқа да арнайы құралдарды қолданбадық. Біздің полицейлер әрдайым қарусыз, таяқсыз, газсыз тұрады және өз физикалық күшімен ғана аталған құқықбұзушылықтардың жолын кеседі», - деп жауап берді Е. Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Сонымен қатар, ІІМ басшысы зорлық-зомбылық болмағанын айтты.

«Біз барлық азаматтарға қоршаудан шығуға мүмкіндік бердік, күштеу-азаптау болған жоқ. Оларға су мен тамақ ұсынылды. Онда еш зорлық-зомбылық болған жоқ. Мұндай шаралар әрдайым жедел жәрдем көлігімен және дәрігерлермен қамтамасыз етіледі», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, қазақстандық нұсқаулықтарда бұл ұғым «Адамдар тобы қоғамдық тәртіпті бұзып жатқан орындарды құрсаулау» деп аталады.


Соңғы жаңалықтар