Ерлан Тұрғымбаев Баянауыл ұлттық паркіндегі өрттің мән-жайын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Баянауыл ұлттық паркі аумағындағы өрттің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше өрт болды, яғни құрғақ шөп тұтанған. Осы орайда өртке қарсы қауіпсіздік шаралары іске асырылды. ТЖ комитеті жұмылдырылып, ол жерге облыс әкімі де барды. Өрт ауыздықталып, сөндірілді. Ол жерге тікұшақ тартылды», - деді Е. Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейінгі тілшілер сауалына жауабында.

Оның сөзіне қарағанда, жалын шарпыған аумақ 93 гектарды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қызыл жалынды сөндіруге 90-нан астам адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар