Ерлан Тұрғымбаев: Ашылған қылмыс саны - полиция қызметінің көрсеткіші емес

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев учаскелік полиция инспекторларын есептік көрсеткіштен нақты іске көшуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біз нәтижені ашылған қылмыстар санымен бағалаудан алшақтап келеміз. Яғни, биыл мұнша құқықбұзушылық болды, келесі жылы тағы 2-3% көбірек болсын деген түсініктен арылу керек. Нағыз көрсеткіш - қылмыстың азаюы мен халықтың жоғары бағасы болуы керек. Біз жүргізген сауалнамаға 200 мыңнан астам халық қатысты. Олардың басым көпшілігі учаскелік инспекторының аты-жөнін біледі және оларға жоғары баға беріп, сыйақы беруді, жалақысын көтеруді және баспана беруді сұрады. Бұл - учаскелік инспектордың беделін көрсетеді. Сондықтан, құр санайғақтан арылып, халықтың құрметіне ұмтылу керек», - деді министр Қазақстанның учаскелік полиция инспекторларының слетінде.

Министр қалалық жерде түйткілді мәселелердің көп екенін атап өтті.

«Жыл басында департамент басшыларына Пәтер иелері кооперативтерімен бірлескен жиналыс өткізуді тапсырдым. Себебі, ПИК-те барлық мәселені анықтауға болады. Шағын аудандарда көптеген пәтерлер жалға беріледі. Тыныштықты бұзу сынды әкімшілік құқықбұзушылықтан бастап, ауыр қылмыстар сонда жасалады. Көп жағдайда біздің учаскелік инспекторлар құлықсыздық танытып отыр. Сондықтан, оларды ПИК төрағаларымен байланыстырдық», - деді Е. Тұрғымбаев.
null

Айта кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі 2020 жылды Учаскелік полиция инспекторларының жылы деп атады. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, бірқатар ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы көтерілді және баспана бойынша өтемақы төлене басатады.

Соңғы жаңалықтар