Ерлан Тұрғымбаев: Алматыдағы оқиғаларға байланысты 125 сотқа дейінгі тергеу басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында 5 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев елде орын алған тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді.

Алматыдағы жағдай туралы айта келе, Ерлан Тұрғымбаев жиналғандар ешқандай талап қоймағанын және келіссөздерге бармағанын атады.

«Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану, бұзақылық, кісі өлтіру, сондай-ақ қарақшылық шабуылдар мен ұрлықтың барлық фактілері бойынша сотқа 125 дейінгі тергеу басталды. 5 мыңнан астам адам ұсталды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар