+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ерлан Тұрғымбаев АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті

2021 жылғы 27 қыркүйек 19:03
Бөлісіңіз:
Ерлан Тұрғымбаев АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев АҚШ-тың Қазақстандағы өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде тіркеуде болмаған көліктер жалған құжаттармен бізге келіп жатыр - ІІМ Қарашадан бастап вакцина алған барлық шетелдіктер АҚШ-қа кіре алады ТМД ІІМ басшылары  пандемия жағдайындағы қылмысқа қарсы іс-қимылды талқылады

Тараптар мамандарды даярлау саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Жаңа қауіп-қатерлерге, интернет-алаяқтыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ведомство басшысы америкалық тарапқа ішкі істер органдарын реформалау саласында қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде пенитенциарлық жүйені жаңғырту туралы айтып берді.

Уильям Мозер Қазақстан ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес және адам құқықтарын сақтау саласындағы оң жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, тараптар Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумды іске асырудың қорытындыларын шығарды. Кездесуде меморандумның қосымша хаттамасына қол қойылды, онда киберқылмыспен, есірткі бизнесімен және алаяқтықпен күрес саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту көзделген. Кездесу соңында тараптар қылмысқа қарсы күрес саласындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT