Ерлан Серікжанов дзюдодан Әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Бакуде өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Ерлан финалға дейін Мозамбиктен келген Джуниор Карлосты, израильдік Барух Шмаиловты, молдовалық Вадим Бунесканы, Моңғолиядан келген Керлен Гандболдты және израильдік Тала Фликкерді жеңген болатын.

Қазақстандық ақтық сында 2017 жылдың әлем чемпионы атанған жапондық Хифуми Абемен кездесті.

Абе күресті агрессивті түрде бастап, алғашқы минутта иппонмен жеңіске жетті.

Осылайша, Ерлан Серікжанов Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстаннан Максим Раков (2009) пен Елдос Сметов (2015) үздік ойын көрсеткен еді.

Кеше «қола» медальді  Отгонцэцэг Галбадрах иеленді. 

Соңғы жаңалықтар