+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Ерлан Сайыров: Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс

2020 жылғы 14 тамыз 23:23
Бөлісіңіз:
Ерлан Сайыров: Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Ерлан Сайыров санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

«Коронавирус індеті біздің күнделікті өміріміз бен мәдени ортамызға үлкен өзгеріс әкелді. Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салада үлкен өзгеріс болып жатыр. Енді адамдардың күнделікті өмірлерінде өзгеріс болуы керек. Халық коронавируспен бірге өмір сүруге бейімделуі қажет. Бұл не деген сөз? Бұл - әр адам санитарлық эпидемиологиялық шараларды сақтап, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтай білуі керек деген сөз», - дейді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, бұл шаралар біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек.

«Егер қоғам мен билік осы шараларды сақтамаса - коронавирус індетін жеңе алмайды. Біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек: билік және халық. Күш біріктіргенде ғана коронавирусты жеңе аламыз. Індеттің екінші толқыны болуы мүмкін. Онымен әлем болып күресуге дайын болуымыз керек. Өкінішке қарай, бірінші кезеңде мемлекет те, қоғам да дайын болмады. Енді екінші толқынға мықтап дайындалуымыз керек. Үкімет халықты медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп, барлық инфрақұрылымды дайындауы керек, ал халық коронавирус індетінен қорғануға қатысты барлық ережені сақтауы тиіс», - дейді ол.

Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT