Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқылаған жиынында депутат Ерлан Саиров тұрғындардың әл-ауқатын жалпі ішкі өніммен өлшеу орынсыз деген пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл өте маңызды мәселе. Осы өте маңызды мәселеге халық сену үшін ең бірінші біздің сөзіміз бен анау базардағы бағасы сәйкес келуі керек. Менің ойымша, осындай кездесудің алдында Үкімет мүшелері міндетті түрде базарға барып шығуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3,2 пайыз өсті деп айтасыздар. Бірақ Қазақстандағы инфляция 20 пайыз өсті ғой. Көршілеріміз Қырғызстанда инфляция 14 пайыз. Өзбекстанда 12 пайыз, Ресейде 11 пайыз», - деді Ерлан Саиров.

Сондай-ақ, ол халықтың табысы түскенін моншаға баруынан-ақ байқауға болатынын айтты.

«Мен өзім базарға «Артем» базары мен «Small»-ға барамын. Құрметті әріптестер адамдар күнде тұтынатын нан, май, макарон, күріш 80 пайыз өсіп кетті ғой. Осыны біз неге айтпаймыз? Жігіттер, мен «Керемет» деген моншаға барам. Осы кезде халық жетісіне бір емес, екі жетіде бір рет моншаға баратын болған. Өйткені халықтың табысы төмендеп кетті. Әріптестер, біз осындай әңгіме айтқанның орнына бүгінгі индкаторларды өзгерту керек. Сіздердің индикаторларыңыз дұрыс емес. Ішкі жалпы өнім Қазақстан халқының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – үй шарушалықтарының табысы», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар