Ерлан Салықбаев Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне басшы болды

None
Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Ерлан Салықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Амандықұлы 1985 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылында дүниеге келген.

2007 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы М.Дулатов атындағы ҚИНЭУ-де экономика магистрі дәрежесін алған.

Ерлан Салықбаев 2008 - 2012 жылдары прокуратура органдарында көмекші, прокурордың аға көмекшісі лауазымдарында еңбек еткен.

2012 - 2014 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының инспекция және бағалау бөлімінің консультант-инспекторы болып жұмыс атқарды.

2014 - 2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер және тәртіптік-әкімшілік практика бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2016 - 2017 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2017 - 2022 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдың қазан айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарады.


Соңғы жаңалықтар