Ерлан Саиров: Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған есімдерді ақтау – парызымыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров Мемлекет басшысының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрады. Меніңше, дұрыс шешім. Ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда жаппай қуғын-сүргін мен ашаршылықтың көптеген аспектілері әлі де зерттелмеген. Сонымен қатар жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген есімдерді ақтау қажет. Бұл – біздің олардың алдындағы парызымыз», - деп жазды Ерлан Саиров Facebook-парақшасында .

Оның атап өтуінше, тарих алдында барлық кезде жауапты болу қажет. Сондай-ақ тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу алдағы уақытта мұндай жайт қайталанбау үшін маңызды.

«Бұл – барлығы өз мәнін жоғалтқан кезең болатын. Біз сол мәнді қайта қалпына келтіруге тиіспіз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар