Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашу мәселесін көтерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Саиров Ұлттық домбыра орталығын ашуға қатысты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.

AMANAT фракциясының мүшелері ҚР Премьер-Министрі орынбасарының атына Қазақстанда Ұлттық домбыра орталығын ашу жөнінде депутаттық сауал жолдаған. Елімізге ресми сапармен келген Рим Папасы Францисктің өзі домбыраның әлемдік рухани потенциалы жөнінде атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасына қазақтың рухани өмірінің символы ретінде домбыраны сыйға тартты. Яғни домбыраны мемлекеттік деңгейде ұлықтап, халықаралық бренд жасау - уақыт талабы», - деді Е. Саиров.

Оның пайымынша, Ұлттық домбыра орталығын ашу - жаһандану заманында ұлтымыздың рухани келбетін сақтап қалудың бір жолы.

«Сондықтан Дәурен Әскербекұлының (Мәдениет және спорт министрі) атына депутаттық сауалды қайта жолдап отырмыз», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бұрынғы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттарға берген жауабында Ұлттық домбыра орталығын құру мәселесі қосымша пысықтауды талап ететінін айтқан .


Соңғы жаңалықтар