Ерлан Саиров: Президентті бір мерзімге сайлау –демократияның бағыты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық алдындағы беделі өте жоғары деп ойлаймын. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір саяси тұлға бір мерзімнен артық президенттік сайлауға түсе алмайды. Осыны демократияның нағыз бағыты деп айту керек», - деді Е. Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол Конституция бойынша әр жеті жыл сайын Мемлекет басшысы лауазымына жаңа тұлғалар келетінін айтты.

«Енді Президент (Қасым-Жомарт Тоқаев) сайлауға түсетін болса, қазіргі кезде халық алдындағы ол кісінің беделі өте жоғары деп ойлаймын. Сондықтан сайлауда жеңіске жетеді деген пікірдемін», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай,биыл қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Осы орайда Президент кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар