+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ерлан Саиров: Қоғамдық кеңестің мақсаты - жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу

2021 жылғы 13 мамыр 16:00
Бөлісіңіз:
Ерлан Саиров: Қоғамдық кеңестің мақсаты -  жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын халықаралық стандарттарға көшіру үшін жемқорлықпен күресуіміз керек. Бұл туралы Antikor Live бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ахметжанов: Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді Марат Ахметжанов: Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды

«Nur Otan партиясы Парламент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін өзінің сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру құралы ретінде партия жанынан жан-жақты кеңес құрды. 14 кеңестің бірі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес. Бұл қоғамдық кеңестің негізгі миссиясы - еліміздегі әділеттілік, теңдік, әлеуметтік мәселелерін шешу», - дейді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, әкімдердің дұрыс әрекет етпеуі - мемлекетіміздің құрылымына кері әсер етуде.

«Біздің қоғамдық кеңестің басты принципі - жемқорлыққа бейім мәселелерді алдын алу. Мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктермен бірлесе отырып осы мәселемен күресу қажетпіз. Қоғамдық кеңестің мақсаты - жемқорлыққа бейім мәселені алдын алу», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT