+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Ерлан Саиров елді алаңдатқан проблемаларға тоқталды

2019 жылғы 22 шілде 12:41
Бөлісіңіз:
Ерлан Саиров елді алаңдатқан проблемаларға тоқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі туралы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық кеңес аясында бірнеше іс-шара өткізілді Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары талқыланды Ақордада Ұлттық кеңес мүшелерінің экономикалық мәселелер бойынша ұсыныстары қаралды

Кеңес мүшесі Ерлан Саиров елді алаңдатып отырған негізгі проблемаларды атай келе, елдің мемлекетпен диаолгқа сусап қалғанын жеткізді.

«Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлығы ер арасында резонанс туғызды. Орталық қалалардан ғана емес, өңірлерден де адамдар шығып, өз пікірлерін білдіріп жатыр. Бұл жұртттың билікпен әңгімеге сусап қалғанын көрсетеді. Қазір елімізде қоғамдық-саяси процестерді либералдандыруға деген сұраныс бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан бұл кеңестің қажеттігін барлығымыз түсініп отырмыз», - деп бастады Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, қазір елді еңбек саласы мен азаматтардың мүддесін қорғау, саяси реформалар салаларында көптеген проблемалардың қордаланып қалуы алаңдатып отыр.

«Қазір елдегі қоғамдық-саяси палитра әркелкі. Сайлау, митинг, БАҚ, саяси партиялар туралы заңдардың кейбір тармақтары заман талабына сай емес екенін уақыт көрсетті. Сондықтан, осы тұрғыда ойлануымыз керек. Саяс процестерді орталықсыздандырып, әртараптандыруға сұраныс бар. Саяси шешімдердің барлығы Нұр-Сұлтаннан шықпауы керек екенін айтушылар көп. Жыл сайын Қазақстаннан өз еркімен көшіп жатқандардың саны артып келеді. Ал шекаралық аудандардан халық орталықтарға көшіп жатыр. Бұл тіпті гуманитарлық проблема деуге болады», - деп түйді Кеңес мүшесі.

Оның пікіріне қарағанда, бұл мәселелерді шешу кеңестің негізгі миссиясы болмақ.

«Мемлекеттің осы мәселелерді шешуге деген ерік- жігері бар. Сондықтан, қазірдің өзінде кеңес жұмысына қатысты оптимистік болжам қалыптасты деп айтуға болады», - деді қоғам қайраткері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ұлттық кеңес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT