Ерлан Саиров: Бізге тарих арқылы болашағымызға жол салу қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзіміздің толағай тарихымызды түлету  - өте өзекті. Әлеуметтанушы әрі саясаттанушы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Саиров Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай осылай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көңілге қонымды. Өзіңнің тарихыңмен мақтанып қана қоймай, сол тарихтың қыр-сырларын сараптап, ғылыми негізде болашаққа бағдар жасау өте өзекті. Біз жаһандану заманына өзіміздің тамырымызбен, сол тамырымызды тереңдете отырып енуіміз өзекті. Осы тұрғыда, өзіміздің толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде  және өзекті. Отарлау кезеңінде, бізді, қазақтарды, тарихы болмаған, болмысы, бет-әлпеті жоқ, даланы кезіп жүрген халық ретінде көрсету әрекеттері болды. Біз сол жүйелі әрекеттердің кесірінен өзіміздің тарихымыздан айрылып қалдық, тарихты есімізге алғымыз келмеді, "тарихтан шаршау" синдромына іліктік... "Халықты құртқың келсе, оның тарихын құрту керек, тарихын білмеген халық тобырға айналады" деген аспект бар. Біз осынау "мәңгүрттік" заманды да басымыздан өткердік... Жаһандану процестері ұлттың өткені мен өткергенін басқаша көзқараспен сараптай отырып, болашаққа бағдар жасауды талап етеді...», - деп жазды Е. Саиров өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Бұл тұрғыда сарапшы Ұлы Дала кеңістігіндегі жобаларды ел игілігіне пайдалану керектігін атап өтті.

«Жаһандану әрқашан болған... Халықтардың Ұлы көші, Алтын Орда, Дели сұлтанаты Ұлы даланың сценариімен болған жаһанданудың жобалары...Осы тарихи жобалардың жетістіктерін әлі күнге дейін батыс иеленіп, пайдаланып келеді... Атты қолға үйрету, үзеңгі, металлургия, алтын өңдеу технологиялары біздің қасиетті жерде пайда болған... Осы жайт батыс тарихнамасында жабулы қазан болып тұр. Ғылыми-техникалық прогресстің тарихшысы Линн Уайт "Үзеңгіні жасау адамзат тарихында ұшақ, автомобильді жасаумен тең революция жасады" дейді... Бізге тарих арқылы, өзіміздің болашағымызға жол салу қажет...», - деді Ерлан Саиров.

Соңғы жаңалықтар