+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Ерлан Саиров: Бейбіт жиындар туралы заң жобасы либерализация жағына өзгеріп жатыр

2020 жылғы 26 наурыз 13:32
Бөлісіңіз:
Ерлан Саиров: Бейбіт жиындар туралы заң жобасы либерализация жағына өзгеріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров «ҚР-да бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы қалай жетілдіріліп, құжатқа қандай өзгерістер енгізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық кеңес мүшелері Президенттің төтенше жағдайға қатысты іс-қимылына қолдау білдірді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жасалды ҚР Президенті: Білім жүйесін жаңғырту мәселелері Ұлттық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізіледі

«Бұл заң жобасының ең алғашқы және қазіргі нұсқасының арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей нұсқауы бойынша 250 адам (митингке қатысушылар саны – ред.) жөніндегі шектеу алынып тасталған болатын. Мәжіліске түскеннен кейін бұл заң либерализация жағына өзгеріп жатыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл мәселемен тікелей айналысуда», - деді Ерлан Саиров ҚазАқпарат тілшісіне.

Саясаттанушының айтуына қарағанда, заң жобасында журналистерге қатысты шектеулер барынша алынып тасталған. Сонымен бірге митингтің өтетіні жайлы билікті құлақтандыру мерзімі 15 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Одан бөлек пикеттерді өткізуді де либерализациялау мәселесі кеңінен пысықталуда.

«Ұлттық кеңестің мүшелері депутаттарға бұл заңның тәрбиелік мәні және осы заңды қолданушыларға ыңғайлы ету жағын да қарастыру туралы өтініш айтты. Кеше заңды әзірлеуші мүшелер – Евгений Жовтис, Мұхтар Тайжан, Мұрат Әбенов, өзім бар депутаттармен тағы бір рет онлайн-конференция өткіздік. Менің ойымша, қазіргі таңда заңның қарастырылуы – бүгінгі қоғамдық тенденцияға сәйкес келеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, осы жылдың ақпан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам талқылауына түскен бейбіт жиындарды өткізу тәртібі туралы заң жобасына пікір білдірген еді. Мемлекет басшысы бейбіт митингілерге қатысушылар санын 250 адаммен шектеуді жөнсіз деп санайтынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT