Ерлан Сағадиев ЖОО оқу мерзімінің қысқаруына қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ЖОО-да оқу жылын қысқарту тек колледж бітірушілеріне арналған. Колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін (пәндері -авт.) алып, жоғарғы оқу орындары есепке алса - төрт жыл оқымай, екі-үш жылдың ішінде колледжді бітіруге болады», - деді Ерлан Сағадиев журналистерге.

Министр өз сөзінде келесі жылдың жаңа оқу жылынан бастап колледж түлектері үшін оқу мерзімі қысқаратынын айтты.

«Қазір құжаттарды бекітіп, содан кейін енгізетін боламыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков Президент Жолдауын түсіндіру кезінде Қазақстандағы жоғары оқу орындарында жаңа білім беру технологиясы енгізілгелі жатқанын айтқан еді. Оның аясында жоғары оқу орнын бітірген  студенттер төрт жыл емес, 2,5-3 жыл оқитын болатыны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар