Ерлан Сағадиев: ҰБТ сұрақтары мен жауаптары 100 пайыз қорғалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары мен жауаптары 100 пайыз қорғалған. Бұл туралы бүгін Медиа білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестен соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары мен жауаптары мемлекеттік құпия саналады. Сонымен қатар оның сыртқа таралып кетпеуін Білім министрлігімен бірге еліміздің арнайы органдары да қамтамасыз етеді.

«Жаппай сыртқа таралып кетуі еш уақытта болған емес және ешқашан болмайды деп сенеміз. ҰБТ-ға дейінгі кезеңде студенттерді дайындап, өздерінің сұрақтарын жасаған компаниялар бар. Бұл басқа мәселе», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, аталған білім беру компаниялары жыл сайын өздерінің сұрақтарын ҰБТ-ға қатысы бар сұрақтар ретінде жариялап отырады.

«Бұл дұрыс емес, алданудың қажеті жоқ. Бұрынырақ, тіпті олар сұрақтар ретінде сатылған да болатын. Ал бізде барлығы да сенімді қорғалған, барлығына байыппен қарап, өз балаңмен айналысқан жөн. Сонда бәрі рет-ретімен болады», - деді Ерлан Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар