+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ерлан Сағадиев ашық пікірталастан бас тартты

2017 жылғы 26 шілде 11:06
Бөлісіңіз:
Ерлан Сағадиев ашық пікірталастан бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Болатхан Тайжан" қорының президенті Мұхтар Тайжанмен теледебаттан бас тартты. Бұған дейін Мұхтар Тайжан әлеуметтік желі арқылы министрді үш тұғырлы тіл және қазақ тарихы туралы ашық пікірталасқа шақырған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тайжанға қатысты айтар болсам, бұл менің қызметіме жатпайды деп есептеймін. Маған ол қызық емес және онымен кездесуді де көздеп отырғаным жоқ», - деді білім министрі бүгін Үкімет үйінде журналистердің сауалына жауап бере келе. Еске салайық, Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салалары бойынша жүзеге асырылуына арналған брифинг өткен болатын.

Айта кету керек, таяуда «Хабар» арнасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев арасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты пікірталас болды. Осыдан кейін Мұхтар Тайжан да Фейсбук арқылы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті ашық пікірталасқа шақырған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT