+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ерлан Сағадиев: Мектеп бітірушілер кештеріне қатысты арнайы тұжырымдама жоқ

2018 жылғы 11 мамыр 10:55
Бөлісіңіз:
Ерлан Сағадиев: Мектеп бітірушілер кештеріне қатысты арнайы тұжырымдама жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп бітірушілер кештерін өткізуге қатысты білім мекемелерінің әкімшілігі, ата-аналар кеңесі өздері шешім қабылдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр көп сұралатын сауалға тоқтала келе, түлектер кешін өткізу үшін қомақты ақша жиналатындығын да атап өтті. Осы орайда ведомство тарапынан бұл мәселені бақылауға алу мәселесі көтерілмек.

«Осы кешті өткізетін біздің арнайы тұжырымдамамыз жоқ. Ол жыл сайын ұйымдастырылатын мерекелік шара. Мектептер өздері қалай өткізетіндігін жақсы біледі. Мектептің әкімшілігі, бақылау кеңесі, ата-аналар кеңесі жиналып, шешім қабылдайды. Ата-аналар аттестат тапсыру ресми бөлігіне барып, осыдан кейінгі шараларға бармауға құқығы бар. Осы орайда ата-аналарды салтанатты жиыннан кейінгі мерекелеу шараларына баруына ешкім де мәжбүрлемейді», - деді Е.Сағадиев.

Айта кетейік, өткен жылы маңғыстаулық түлектер мектеп бітіру кешіне жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT