Ерлан Сағадиев қарағандылық педагогтармен инклюзивті білім мәселелерін талқылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпаарт - Бүгін, 15 қазанда жұмыс сапарымен Қарағандыда болған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Колобок» шағын орталында және техникалық-құрылыс колледжіне барды. Онда қарағандылық педагогтармен инклюзивті білім мәселелерін талқылады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

«Колобок» жекеменшік шағын-орталығында Ерлан Сағадиев балаларды түзеу қызметінің жұмысымен танысты. Орталықта сөйлеу қабілеті және психикалық денсаулығы бұзылған бүлдіршіндерге арналған топтар бар. Олармен логопедтер, психологтар және дефектологтар айналысады. Сондай-ақ орталықта сенсорлық бөлмелер, психомоторика кабинеті, емдік дене шынықтыру кабинеті ашылған. 

Қазір ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар бөлек дәріс алады, алайда шағын орталық әкімшілігі инклюзивті топтар құруды жоспарлап отыр. Ол үшін топтардағы ерекше балалардың санын реттейтін нормалар болуы тиіс, бірақ әзірге бұл заң жоқ. Сондай-ақ педагогтар барлық жерлерде инлюзивті білім енгізілуіне байланысты тәрбиешілердің біліктілігі туралы мәселені көтерді. «Колобоктың» құрылтайшыларының бірі Назым Жәркенова өзінің шағын орталығы базасында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.

null - Біз тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға қаражат қарастырамыз. Қазір қалай оң шешім қабылдасақ екен деп ойлап отырмыз: жергілікті жерде қысқамерзімді курстар өткізу үшін қаражатты аймақтарға аударсақ па әлде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арқылы жобаны жүзеге асырсақ па деп ойлаудамыз. Бірақ курстарды аяқтаған соң тәрбиешілер тестіден өтулері керек болады. Біз педагогтың санатына байланысты жаңа айлық ақы желісін енгіземіз, - деп түсіндірді білім министрі. 

Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде де Ерлан Сағадиев инклюзивті білім беру бағдарламасының енгізілуі барысы туралы сұрады. Білім ордасында арбамен жүретіндер үшін екінші қабатқа көтеріле алатын платформа жасалған. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қазір қарашаның 11-і мен 17-і аралығында Ижевскіде өтетін парадельфий ойындарына дайындап жатыр. 

Сонымен қатар министрге студенттердің ІТ-технологиялар саласындағы зерттемелері көрсетілді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «ақылды кабинет» макеті ұсынылды. Ол бөлмеде жарықты қосу немесе терезені ашу арнайы мобильді қосымшаның арқасында жүзеге асырылады. Ерлан Сағадиевке өткен жылы Мейкатон фестивалінде студенттерге бас жүлдені алуға мүмкіндік берген экзоскелет те көрсетілді. Министр студенттердің атқарған жұмыстарына рихзашылығын білдіріп, тағы бір мәрте инклюзивті білім беруді енгізу өте маңызды екенін атап өтті. 

Ерлан Сағадиев сондай-ақ жақын уақытта арбаға таңылған балалар үшін балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыс сомасы ұлғаятынын жеткізді. Ол айына 78 мың теңгені құрайтын болады. Қазір ерекше күтімді қажет ететін балаларға айына 52 мың теңге бөлінеді. 

Соңғы жаңалықтар