Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2019 – 2021 жылдары ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар